COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Теңге тәуелсіздігіміздің кепілі

Теңге тәуелсіздігіміздің кепілі

Теңге тәуелсіздігіміздің кепілі

Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, өзінің дербес қаржы және банк жүйелерін қалыптастыруда қиыншылықтарға ұшырады. Ресейдің рубль аймағында болуымызға байланысты олардың қаржы және және несие саясаттарына тәуелді болдық. Сондықтан еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтерудің бірден-бір жолы ұлттық валютаны айналысқа енгізу маңызды шаралардың негізгісі еді.
Жалпы ұлттық валютасы жоқ мемлекет толыққанды тәуелсіздікті сезіне алмайды, үнемі басқа елдің ықпалында болып экономикалық дағдарыстарға жиі ұшырайды. Осы жағдайды дұрыс түсінген Елбасы Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырыс беріп, оны қысқа мерзімде енгізуге тікелей басшылық жасады. Осы іс-шараны Ұлыбританияның «Харрисон және ұлдары» фабрикасына тапсырыс беріліп, жұмыстар құпия түрде жүргізілді. Ұлттық валютаны Лондоннан 4 ұшақпен бір аптаның ішінде 18 рейс жасалынып Тараз қаласына жеткізілді.
Сол кезде рубль аймағынан шығу тәй-тәй басқан мемлекетке үлкен сынақ және кауіп еді.Осы қауіптен қазақ елі өзіне тән шыдамдылық пен төзімділік және даналық қасиеттерінің арқасында абыроймен өтіп, басқа елдерге үлгі бола білді.Қазақ деген ұлттың және оның тәуелсіз егеменді мемлекеті бар екендігі әлемге мәлім болды. Олармен терезесі тең ел ретінде әр түрлі салада байланыстар жасау мүмкіндігіне ие болдық.
Бүгінде ұлтық валютамыз еліміздің экономикасын дамытуға, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қызмет етуде.
Құрметті қаржыгерлер төл мерекелеріңізбен. Қаражаттарыңыз мол және қуатты болсын!