COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «Саналы ұрпақ» клубының кезекті отырысы

«Саналы ұрпақ» клубының кезекті отырысы

3 желтоқсан күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттер үйінде Жамбыл облысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы университеттің "Саналы ұрпақ" клубының мүшелерімен кездесті. "Саналы ұрпақ" орталығының миссиясы: Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде сыбайлас жемқорлықтан азат, білімді, саналы, патриот және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.

Орталықтың мақсаты – университете сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті көтеру, сапалы да саналы білім беру жүйесі арқылысы сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын студенттер ортасын қалыптастыру.

Орталықтың стратегиясы – еліміздегі білім беру ұйымдарында қолданылып жатқан озық тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген.

Кездесу барысында клуб мүшелері баяндама жасап, жемқорлыққа қарсы түсірілген бейнероликтерді тамашалады. "Саналы ұрпақ дегеніміз кім?" атты студенттердің өздері түсірген жаңа бейне-роликтің тұсауы кесілді. Кездесу соңында "Саналы ұрпақ" клубының белсенді мүшелері алғысхаттар мен марапатталды.

 «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Әбітаева Назгүл