«Желтоқсанда үзілген - ЖАУҚАЗЫНДАР» атты ашық сабақ.
Қатысқандар:
Нурбеков Т. Б. – Әлеуметтік даму және студенттермен жұмыс департаментінің директоры
Асқарбекқызы Н. – «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі
Айнабекова М.С. – Желтоқсан оқиғасына қатысушысы
Курманалиева Н. С. - оқытушы
Бейсемабек Г. - ҚҚ-18-1 топ
Тойлыева А. ҚҚ-18-1 топ
Абитбекова С. ҚҚ-19-1окб
Жапаркулов А. ҚҚ-19-1окб
Жоспар:
1. Курманалиева Н. С. – баяндама
2. Бейсемабек Г. – баяндама
3. Жапаркулов А. – «Желтоқсан желі» өлең-шумақтары
4. Видиоролик
5. Тойлыева А – «Тәуелсіздік» өлең-шумақтары
6. Айнабекова М.С. – Желтоқсан оқиғасына қатысушысымен сұхбат
7. Абитбекова С. – қорытынды
Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты.
Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты… Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.