«Қыз тәрбиесі – ар-намысымыздың өлшемі»
Тараз Инновациялық-Гуманитарлық университетінің «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастырумен, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қыз тәрбиесі – ар-намысымыздың өлшемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстеліміздің мақсаты -Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. Кеш қонақтары- «Төленбек» медицина орталығының акушер мамандары болашақ аналарға кеңес берді. Және де мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.Кафедра оқытушылармен тренинг жүргізіліп, өз мастер класстар көрсетілді. Студенттер де өз ас үйінде қолданатын тәжірибелерімен алмасты.Дөңгелек үстел Жоғарғы оқу орнымыздың жатаханасында өткізілді.