COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Рухани жаңғыру – бабалардан бойға сіңген дәстүрдің, әдет пен ғұрыптың, салт пен сананың, ырым мен тыйымның, ұлттық болмыс пен ұлттық құндылықтардың қайта өрлеу кезеңі.

Рухани жаңғыру – бабалардан бойға сіңген дәстүрдің, әдет пен ғұрыптың, салт пен сананың, ырым мен тыйымның, ұлттық болмыс пен ұлттық құндылықтардың қайта өрлеу кезеңі.

Рухани жаңғыру – бабалардан бойға сіңген дәстүрдің, әдет пен ғұрыптың, салт пен сананың, ырым мен тыйымның, ұлттық болмыс пен ұлттық құндылықтардың қайта өрлеу кезеңі. Яғни қазіргі заман талабына сай мәдениеттің жаңаша бағытта қалыптасуы.

Бәсеке әркім қабілетті болуы маңызды. Бірақ тұтас ел болып бәсекеге қабілетті болу, соның жолында жаппай тұтас еңбек ету, білім алу, ғылым игеру бұл басқа бір төбе. Себебі кез келген күштің дәрежесі бірлікте. Ендеше рухани жаңғырудың тағы бір қыры елді бірлік пен татулыққа шақыру. Қарабайыр қарым-қатынас үшін шақыру емес, бәсекелес болуға, елдің ертеңі үшін бірігуге шақыру. 1 наурыз алғыс айту күнінде студент жастардың бойында патриоттық, туған жердің салт - дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін, төл тарихын құрметтеу, ауызбіршілікке, ынтымаққа, бірлікке шақыру және «Рухани жаңғыру» мақаласын, атқарылып жатқан жобалар мен жоспарларды таныстыру мақсатында ZOOM платформасында, онлайн форматта профессор оқытушылар құрамы мен студенттерге ашық дәріс ұйымдастырылды.

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізетіні анық. Шынында да рухы биік жастары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.