COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / 8 наурыз - аяулы аналарымызға, әпкелерімізге, қарындастарымызға құрметімізді, ізетімізді, ілтипатымызды білдеретін мереке.

8 наурыз - аяулы аналарымызға, әпкелерімізге, қарындастарымызға құрметімізді, ізетімізді, ілтипатымызды білдеретін мереке.

8 наурыз - аяулы аналарымызға, әпкелерімізге, қарындастарымызға құрметімізді, ізетімізді, ілтипатымызды білдеретін мереке. Тіршіліктің жанданып, жан біткенге қуат беріп, ерекше көңіл-күй сыйлайтын көктем мезгілінің ең керемет күні - Аналар мерекесі. Мереке қарсаңында Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар мен түрлі салада жетістікке қол жеткізген əйелдер қауымын салтанатты жағдайда қабылдады. Басқосуға Тараз қаласы мен аудандардан 300-ден астам қыз-келіншек онлайн қатысты. Аталмыш шараға институмыздың «Шерхантану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Кембаева Айнұр Тұрарқызы құрметті қонақ ретінде шақырылып, облыс әкімінің құттықтауында болып, марапатталды.

Әлемге мейірім шашып, ұрпаққа пана болған әйел затынсыз дүние жарық емес. Әйел – ұлттың ұйытқысы, шаңырақтағы тәрбиенің көзі, сүйіспеншілік пен сыйластықтың алтын арқауы дей келе аймақ басшысы киелі Әулиеата жері ардақты апалар мен асыл аналардың, атақты еңбек майталманы атанған әйел азаматтар мен аяулы арулардың мекені екенін атап айтты.

Олай болса, еңбегі еленіп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болып, еркін форматта ханымдармен дидарласып, ой бөлісіп, пікір алмасқан, пайым мен парасатқа, ізгілікке, мейірім мен махаббатқа толы кездесуге қатысып марапатталған Айнұр Тұрарқызын ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шалқар шабыт пен творчестволық табыстар тілейміз!