Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар» және «Педагогика» факультеттерінің біріккен кеңейтілген әдістемелік кеңесі
15.04.2021 күні сағат 15:00 де факультет кеңесі өтті. Кеңес төрайымы «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы - Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызы, «Педагогика» факультетінің деканы Қожаева Маржан Төреғұлқызы, «Филология», «Жалпы педагогика», «Шетел тілдері» және «Шығармашылық мамандықтар» кафедраларының меңгерушілері, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары және аға куратор орынбасары Жанысбек А., оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Наурызбаев Д.М., факультет оқу әдістемелік бюросының төрайымы Шокалакова С., факультет кеңесінің хатшысы Таджикова А.Д., студенттік декан Әмен Бернар қатысты. Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды:
1. Білім беру бағдарламаларын талдау және оны жақсарту жұмыстары туралы. Кафедра меңгерушілері.
2, ПОҚ-ң кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстары және оны жетілдіру жайлы. Кафедра меңгерушілері.
3. ПОҚ-ң оқулықтар мен оқу құралдары және оқу-әдістемелік жиынтықтардың жазба нұсқаларының орындалуы жайлы. Факультеттің әдістемелік бюро төрайымы
4. Педагогикалық мамандықтарды БАҚ насихаттау және кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жұмыстары туралы. Кафедра меңгерушілері.
5. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырудағы атқарылған жұмыстар туралы. Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
6. Әртүрлі мәселелер. Факультет деканы