Институттың қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдыртты.
Халықаралық Тараз инновациялық институтының қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдыртты. Екпе салу жұмыстары институт ғимаратында жүргізіліп жатыр. Вакциналау жұмыстарын бастамас бұрын медицина қызметкерлері ұжыммен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу алдында институттың әр қызметкерінің қан қысымы мен жүрек соғуы тексеріледі. Егер барлық көрсеткіштер қалыпта болса, онда екпе салуға болады. Екпе салынған соң пациент 30 минутқа дәрігерлер қарауына жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды. Екпені ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдер және тәртіп сақшылары қабылдаған болатын. Ал сәуір айында көпшілік үшін екпе салдыру қолжетімдігілі артты.