COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Тәуелсіздік толғауы – жастардың жарқын қолдауы

Тәуелсіздік толғауы – жастардың жарқын қолдауы

Бүгін  Халықаралық Тараз инновациялық институтында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік толғауы – жастардың жарқын қолдауы» атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Турнирдің мақсаты – оқушылар мен студенттер арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей алатын азаматтар даярлау, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу.
Пікірсайысқа студенттер арасынан 60 топ, оқушылар арасынан 20 топ қатысуда.
Пікірсайыс турнирі 2 негізгі ойын форматы арқылы өткізіледі: 1) Американдық парламенттік формат (АПФ); 2) Линкольн-Дуглас форматы (ЛД).
Барлық пікірсайысшыларға сәттілік тілейміз!


"Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс секторы"