COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Киберпедагогика және қазіргі шындықтың сын-қатерлері

Киберпедагогика және қазіргі шындықтың сын-қатерлері

Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауттылығын арттырумен, мемлекеттік қызметкерлер мен үлкен-кіші бизнес өкілдері, жас программисттер мен жаңа Start Up - шыларға кәсіптік білім берумен және мектеп, колледж, ЖОО педагогтарының ІТ құзыреттілігін арттырумен айналысып келген «Elab.Asia» цифрлық академиясы «МТИИ – ELAB» Цифрлық сауаттандыру орталығын ашқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

28.07.2021 күні Республикалық жекеменшік мекемелер ассоциациясының аясында Elab. Asia және 8Т Corp компаниясының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Киберпедагогика және қазіргі шындықтың сын-қатерлері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. 15 мемлекеттің және ТМД мен Европа елдерінің жетекші педагогтері мен ғалымдары қатысқан бұл конференцияда келесі мәселелер талқыланды:

1) Киберсоциализацияда қалай өзара әрекеттесу керек?

2) Киберпедагогиканың міндеті қандай?

3) Әлемдік цифрлық кеңістіктегі заманауи ұстаздың негізгі функционалдық ерекшеліктері қандай? және т.б.

Аталған конференцияда Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Е.Б. Саурықов құттықтау сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференция аясында Ақпараттық технологиялар саласындағы креативті жоғары білімді де білікті педагогтар мен мамандардың халықаралық қауымдастығы ТМД және Еуропа елдерінің халықаралық инновациялық білім беру қауымдастығы таныстырылды.