COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер мен әріптестер!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер мен әріптестер!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер мен әріптестер!
Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал нашарлап, қоғам тынысын тарылтып, әлем елдеріне аждаһадай қауіп төндірген аурудың ауқымы ұлғайып барады. Республикамыздың барлық қалалары мен облыстары қызыл аймаққа енді. Шартарапты шырғалаңға салған вирус әлі де шегінер емес. Сондықтан, бір сәтке болсын тыным таппай жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, сақтық шараларын мейілінше күшейтіп, қоғамдық орындарда карантиндік ережелерді сақтап, вакцина алауды күшейту қажет. Қазір арқаны кеңге салатын кез емес.
Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деп шипа іздеуге үндеген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастырып, екпе алып, қоғамды да, өзін де қорғауы керек. Сондықтан, жақындарыңызды дендеген дерттен қорғау үшін бетперде тағып, әрқашан қоғамдық арақашықтықты сақтап жүргеніңіз абзал.
 
"Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс" секторы