COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «АШЫҚ КІТАПХАНА АЛАҢЫНЫҢ» ашылу салтанаты

«АШЫҚ КІТАПХАНА АЛАҢЫНЫҢ» ашылу салтанаты

 

Халықаралық Тараз инновациялық институты 2021 жылдың 26-шы тамыз күні сағат 14.00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде «ОPEN SPACE» форматында қызмет көрсететін заманауи «АШЫҚ КІТАПХАНА АЛАҢЫНЫҢ» ашылу салтанаты өтті.

Бұл кітапхананың ерекшелігі - жастардың шығармашылық белсенділігін ынталандыратын, еркін қарым-қатынаста жасайтын, қызмет көрсету технологиясы жаңғыртылған заманауи ашық кітапхана. Кітапхана заманауи талаптарға сай, көзтартымды, ыңғайлы және қорының мазмұнды сапасымен құнды. Оқырмандардың білім алуы мен танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір залда әртүрлі ресурстар мен түрлі техниканы пайдалану мүмкіндігі жасалған.

АШЫҚ КІТАПХАНА АЛАҢЫМЕН кітапхана директоры Сапаргалиева Сымбат Нұрғалиқызы таныстырды. Кітапхана кеңістігі "еркін" және "тыныш" зоналарға бөлінген: «ТІРКЕУ_АЙМАҒЫНДА» - оқырмандар тіркеліп, кітапты қолға алады, тұрақты жаңа түсімдер көрмесі мен селфи жасау орны бар. Холлда "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында түскен кітаптар, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған "Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң" атты кітап көрмелер шеруі назарға ұсынылды.

«ЖҰМЫС АЙМАҒЫНДА» - кітапханалық процесстерін жүргізіледі, кітапхана қорын толықтыру, ғылыми өңдеу, бөлімдерге тарату, ақпараттандыру, қорды цифрландыру жұмыстары жүргізіледі.

«ТЫНЫШ_АЙМАҚ» - оқырмандардың жеке отырып дайындалатын, әртүрлі тасымалдаушылардағы кітапхана ресурстарына ашық қол жетімділік ұйымдастырылған. Жаңа буынды компьютерлермен жабдықталған, тегін WI-FI.

ТОПТЫҚ_ЖҰМЫС_АЛАҢЫ» - ақпараттық-медиа өнімдерді пайдалана отыра белсенді оқыту, тренингтер мен мастер-кластар өткізу және топтық жұмыстар жасауға арналған интерактивті аймақ.

«ДЕМАЛЫС_АЙМАҒЫ» - белсенді оқудан кейін демалуға арналған тыныш, ыңғайлы және жайлы релаксациялық орын. Мұнда тұлғаның эмоционалдық саласына әсер ететін, эстетикалық және релаксация функцияларын орындайтын: аквариумдар, жасыл өсімдіктер, субұрқақ, түсқағаздар түріндегі жасыл табиғат бейнесінің имитациясы және медиа эффектілер сияқты табиғи және мәдени компоненттер жиналған тұтас кешені құрылған.

«ЕРКІН_АЙМАҚ» - бұл коммуникациялық аймақ, диалог пен талқылау мүмкіндігі бар әдеби қонақ бөлмесі, мұнда жастарды көркем, мотивациялық,

іскерлік әдебиеттерді оқуға тарту мақсатында әдеби оқылымдар, поэтикалық шайқастар, басқа да іс-шаралар өткізуге болады. Сондай-ақ, бұл аймақта эмоционалды және физикалық жайлылық жағдайында кез-келген оқырман достарымен немесе жеке комфорттық сезімде демала алатын аймақ.

«СПОРТ_АЙМАҒЫ» - бұл спорт сүйер қауымды біріктіретін аймақ. Мұнда әркім өзіне жақын спорт құрал-жабдықтарын қолдана отыра, салауатты өмір салтын ұстана алады. Олар: жүгіргіш тренажеры, велотрек, швед қабырғасы, интеллектуалды және үстел ойындары, шахмат және т.б..

«КРЕАТИВТІ_АЙМАҚ» - бұл аймақ қонақтарға ыңғайлы, көзтартымды трансформерлі мобильді жиһаздармен (амфитеатр, пуфы, кресла) жабдықталған, қазіргі заман тілімен айтқанда - нетворкинг форматындағы қонақжай аймақ. Бұл креативті идеялармен алмасу, табысты адамдармен танысу, білімге құштарлық танытқан үздік коучерлермен кездесу кештерін өткізу, студенттерге арналған танымдық топтық пікірсайыстарға, спикерлермен кездесулерге арналған алаң.