COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / САПАЛЫ МАМАН ДАЯРЛАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

САПАЛЫ МАМАН ДАЯРЛАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Дәстүрге айналған Президенттің  әрбір Жолдауы – Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қозғаушы күші. Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі Жолдауын да Қазақстан жұртшылығы зор ықыласпен қабылдады. Ел Президентінің бүгінгі Жолдауын тыңдай отырып, мемлекетіміздің алдағы даму жоспарының келесі қадамдары жайында хабардар болдық. Әлемдегі озық, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуді мақсат тұтқан еліміздің келешегінің жарқын болуы біздің өмірімізден, жұмысымыздан айқын көрініс табады.

Өңіріміздегі білім ордасын басқарып отырғандықтан, Президентіміздің білім саласына байланысты берілген тапсырмалары айқын, бағыты анық дегім келеді. Расында, сапалы маман даярлау – қазіргі заман талабы, жоғары оқу орындарының негізгі мақсаты.

Қазіргі таңда білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаның мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті, жан-жақты қалыптасқан, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді, ұлтжанды патриот азаматты қалыптастыру, жеке тұлға тәрбиелеу.

ХХІ ғасырдағы адамзаттың басты, негізгі құндылықтары білімнен басталатын болады. Жастары­мызды осы бағытта тәрбиелеп,  тереңде­тілген білім беріп, халқымыздың игілігіне жұмыс істеуге баулуымыз керек. Біздің еліміздің әлемнің ең дамыған елдер қатарына табыс­ты кіруі үшін, әрбір жас адам негізгі оқиғалардан, жаңа ағым­дардан және технологиялық үрдістен хабардар болып отыруы қажет.

«Жастар - еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы - Отанымыздың ертеңгі тағдыры. Қоғамның белсенді, саналы, құзыретті мамандарын даярлау біздің еңбегімізге тікелей байланысты. Жастарға білім беру мәселесі - біздің ұлттық өрлеуіміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі. ХХІ ғасыр -  ұрпағымыздың ақыл-ойы ғарышқа самғаған, алғыр ойлар ғасыры, сондықтан әрбір ЖОО батыл қадам жасап, заман талабына сай құзыретті, сапалы маман даярлауға дайын болуы тиіс.

 Осы тұрғыдан алғанда Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен жалпы ұжымы аянбай еңбек етуде. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Ең бас­тысы, жоғары оқу орындары Мем­­­лекет басшы­сының қолдауын сезініп отыр және Жолдауда айтылған барлық бастамаларын бірауыздан қолдайды деп сенемін.

Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжаттағы әрбір нақты қадам – біздер үшін жол сілтер шамшырақ.

Сонымен қатар, ата-бабаларымыз қастерлеп келген мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, ана тіліміздің мәні мен маңызын арттыра отырып, еркін диалогты да қолдай білу мәселесі жақсы көрсетілген. Этносаралық қарым-қатынасты сақтай отырып, береке-бірлігімізді арттыру мақсаттары да айқын қойылған.

Президент Жолдауы негізгі бағдарла­­­­малық құжат ретінде еліміздің даму келе­­­шегіне бағыт-бағдар беріп, барша Қазақ­стан жұртын ел келешегінің дамуы­на жұмылдыруға бағытталып отыр. Осы орайда Президент елдің әлеуметтік жағ­дайын көтерудегі әрбір ведомствоның жа­уап­кершілігін нақты дәлелдермен көр­сетіп берді. Әлеуметтік сала, экология, өнеркәсіп, білім, сот жүйесіне, ішкі істер саласына, бизнеске қатысты нақты талаптар қойды.

Қалай болғанда да Президентіміздің кезекті Жолдауы еліміздің болашақтағы даму жоспарына арналды. Бүгінде еліміздің әлем мойындайтындай жетістіктері көп.  Мақсатымыз – әлемдік дағдарыстың әрбір сәтіне ерекше дайындығымызды пысықтап, ел экономикасын дамыту мен халықтың тұрмысын жақсартып, табысы жоғары ел қатарына қосылу.

Білім саласында жүрген біздер үшін «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен  сапалы білім беру.

 

Ерболат Саурықов,

Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры