COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Бүгін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ақпарат алаңында жиын өтті.

Бүгін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ақпарат алаңында жиын өтті.

Бүгін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ақпарат алаңында жиын өтті. Басқосуға департамент басшысы Әділхан Хасымханұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры және Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Саурыков қатысты. Шарада жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің “Саналы ұрпақ” жобасы аясында облыста атқарылған ауқымды жұмыстар айтылды. Осы орайда, институт ректоры Ерболат Байұзақұлы білім ордамызда “Саналы ұрпақ” жобасында айтылған бағыттарға басымдық берілгенін және бұл шаралар мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты. 2018 жылы бастау алған «Sanaly urpaq» жобасы бүгінгі таңда өзінің тиімділігін көрсетіп, еліміздің жас ұрпақтарының арасында, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті, парасаттылық, тазалық қасиетін дамытуға үлес қосуда.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында «Sanaly urpaq»  жобасы аясында 1 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылған (адалдық сағаттары, кездесулер, квест-ойындары, дөңгелек үстелдер, пікірсайыс турнирлері, семинарлар, конференциялар, сурет байқаулары және т.б. іс-шаралар).
Жасалған келісім бұл жұмыстарды жаңа оқу жылында жаңа ауқыммен жалғастыруды көздейді. Осылайша тараптар жиын соңын алдағы оқу жылында орындалмақ жоспарларға қол қоюмен қорытындылады.