COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Халықаралық серіктеспен жаңа ынтымақтастықтың басталуы.

Халықаралық серіктеспен жаңа ынтымақтастықтың басталуы.

2021 жылдың 17 қыркүйегінде "Халықаралық ынтымақтастық және маркетинг" бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық Тараз Инновациялық институты қабырғасында онлайн форматта Корея Республикасының Кенгпук ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға және студенттермен академиялық алмасу туралы шартқа қол қойылды. "Жаратылыстану"факультеттері арасында Меморандум мен шарт жасалды.
Кенгпук ұлттық университеті тарапынан құжаттарға декан Ким Енгкук, біздің тараптан – Стратегия, ғылым, инновация және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Николай Буюклиев қол қойды.
Осы ынтымақтастық туралы Меморандумның және академиялық ұтқырлық туралы шарттың мақсаты Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мүмкіндіктерді кеңейтудегі ынтымақтастықты дамыту және факультеттер арасындағы ерекшеліктерді ескере отырып, неғұрлым тығыз ынтымақтастық болып табылады.
Рәсім аясында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен перспективалары талқыланды, сондай-ақ факультеттер мен жоғары оқу орындарының құрылымы мен жұмысы туралы ақпарат алмасылды, сондай-ақ барлық қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.
Әкімшілік директоры Ли Кван Су мырза мен Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы Көбеева Сабина Орынбекқызы бүгінгі меморандум мен шарт жасасу екі елдің тығыз ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.