COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Туған қаламызды таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз.

Туған қаламызды таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз.

Туған қаламызды таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз. 2021 жылдың 18 қыркүйек күні «Біз – таза қала үшін!» ұранымен өткізілген сенбілікке Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері белсене қатысты.  Сенбіліктің мақсаты: қаланың шырайын әрлендіре түсіп, қаламызды үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, сонымен қатар жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.

Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді. Қаламыздағы  Жамбыл даңғылы көшесін қоқыстан тазартып, арам шөптерді жұлып, «Студенттер үйі» маңын сыпырып, тазарту жұмыстарын жүргізді. Шара соңында естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты. Сөйтіп, білім ордамыздың ұжымы сүйікті қаламызды абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты.

«Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс» секторы