COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Жағажай волейболы

Жағажай волейболы

Жағажай волейболы Калифорниядан өз бастамасын алып, 1920 жылдардың басында жағажайларда ойындарға арналған алаңдар жасалынып, бірінші командалар жинала бастады. 1996 жылдан бастап бич-волей ойыны Олимпиада ойындарының жарыстық бағдарламасында бар.

Жағажай волейболы – бұл әр командада екі ойыншысы бар, екі команда тормен бөлінген құмды алаңда ойнайтын спорттық ойын. Дененің кез келген мүшесімен доппен ойнауға болады. Ойынның мақсаты – тор арқылы допты қайта қайтару, доп бәсекелестің алаң жағына тию керек және допты өз алаң жағына түсірмеу қажет. Қозғалмалылық, көркемдік, ойын-сауықтық және сезімдік жағажай волейболын қызықты спорт түрлерінің бірі болып жасайды. Ойынның қиын емес ережелері, қымбат жабдықтардың және құрал-саймандардың жоқтығы, Астана қаласының белсенді тынығу әуесқойлардың арасында бұл спорт түрінің танымалдығын арттырады.

Жамбыл облысы, Тараз қаласында алғаш болып Халықаралық Тараз инновациялық институты базасында "Жағажай воллейболына" арнап арнайы алаң салынды. Қазіргі таңда студенттердің ойынға деген қызығушылығы күн санап артып келеді. "ХТИИ жағажай воллейболы" құрамасы талай турнирлердің, жазғы универсиада ойындарының жеңімпазы екенін ескерсек, салынған нысан алдағы жарыстарға дайындалуға үлкен мүмкіндік берері сөзсіз. Жастарға жағдай жасап, қолдау білдіріп жатқан институт ректоры Ерболат Саурықов мырзаға жастар атынан зор алғыс білдіреміз.

"Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс" секторы