COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Лицей оқушылары Студенттер үйінде

Лицей оқушылары Студенттер үйінде

Халықаралық Тараз инновациялық институты қаламыздағы мектептермен тығыз әріптестік байланыс орнатқан. Қазан айының 8-жұлдызында институттың Студенттер үйінде Тараз Білім-инновация қыздар лицейінің 10-сынып оқушылары қонақта болды.

ХТИИ Студенттік ректоратының белсенді студенттері лицей оқушыларын қарсы алып, Студенттер үйінің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Оқушы қыздар Студенттер үйінде орналасқан заманауи кітапханада, студенттердің сұлулық салонында, кинозал, коворкинг орталығында, Адалдық дүкенінде, студенттердің бөлмелерінде болды.

Институт ректоры Ерболат Саурықов пен ғылым, инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Николай Буюклиев оқу орнының қызметі, шет елдік оқу орындарымен байланыс, мамандық таңдау туралы әңгімелеп берді.

Қызықты сұхбаттан кейін лицей оқушылары студенттердің өзі қызмет көрсететін кофейня мен студенттер асханасында дәм татып, алған әсерлері жайлы ой бөлісті.

 

Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс секторы