COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ШЕРХАНТАНЫМДА ТАҒЫ ДА ҚОС ҚУАНЫШ

ШЕРХАНТАНЫМДА ТАҒЫ ДА ҚОС ҚУАНЫШ

Қазан айының 15 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтіп жүрген республикалық «VІ Шерхан оқулары» байқауының ашылу салтанаты және «Қазақтың Шерағасы» жинағының 11 кітабінің тұсаукесер рәсімі өтті. Алғашқы сөз кезегін алған орталық директоры Айнұр Тұрарқызы Кембаева: «Шындықтың шырақшысы, ақиқаттың алдаспаны, халқының қалаулысы Шерхан Мұртазаны насихаттау жұмыстарын бұл орталық 2009 жылдан бері жүргізіп отыр. Институт ректоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰҒА «Құрметті мүшесі» Ерболат Байұзақұлы Саурықовтың жанашырлығымен жұмыс жүргізіп отырған орталық қазіргі таңда үлкен жетістіктерге жетіп, біраз белестерді бағындыруда. Атап айтқанда, орталықтың бастамасымен Шерхантану курсы облысымыздағы көптеген мектептерде оқытыла бастады. Бірнеше монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығып, қалың жұртшылыққа тарап жатқан жайы бар. «Шерхан оқулары» байқауының нәтижесі бойынша «Шерхан гранты», «Шерхан стипендиясы» тағайындалып, студенттердің төлемақысына жеңілдіктер жасалуда. Мұның өзі ата-ана үшін үлкен қаржылай көмек екендігін атап өтуіміз қажет», - дей келе орталық директоры сөзді институт ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықовқа ұсынды. Өз кезегінде институт ректоры орталықтың ашылу, даму тарихына шолу жасап, орталық жұмысының халықаралық деңгейге көтеріліп жатқанын, Лондондағы Айтматов академиясымен, Стамбулдағы Фараби орталығымен жұмыс жоспары жасалып, үлкен шығармашылық мақсаттардың тұрғандығын баса айтты. Осыдан соң тұсаукесер рәсіміне орай сахна төріне танымал тұлға, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы-драматург, шерхантанушы Елен Әлімжан мен «AULIEATA-MEDIA» ЖШС Бас директорының орынбасары, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Алпамыс Шәменұлы Қазыбаевты шақырды. Кітаптің тұсауын кескен Елен аға Шерхан Мұртаза жайында толқынысқа толы ойларымен бөлісіп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.
Осыдан соң республикалық «VI Шерхан оқулары» байқауының шымылдығы ашылып, институт ректоры қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.
Байқау төрт бағыт бойынша белгілінген аудиторияларда өтіп, әділқазылар алқасының төрелігімен өз мәресіне жетті. Байқау бағыттары бойынша 1-2 орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.
Қазақ руханиятының, тәуелсіз еліміздің діңгегін ұстар Шерхан сынды тұлғалардың қалыптасуына өзіндік серпін беретін, ықпал ететін байқаудың қалалық кезеңі осылайша мәресіне жетті. Облыстық кезең қазан айының 20 жұлдызына жоспарланып отыр.


«Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс» секторы