4 курс студенттері тәжірибелік, зертханалық сабақтарын кафедраның "Орталық базар" ветеринарлық санитария пунктінде өтуде.
Халықаралық Тараз инновациялық институты "Жаратылыстану" факультеті "Cтандарттау және ветеринариялық санитария" кафедрасына қарасты "Ветеринариялық санитария" білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері тәжірибелік, зертханалық сабақтарын кафедраның "Орталық базар" ветеринарлық санитария пунктінде өтуде.
4 курс студенттеріне аға оқытушы Амирова М. "Ет-сүт өнімдерінің технологиясы, гигиенасы, санитариясы және ветеринарлық санитарлық сараптау" пәнін "Орталық базар" ветеринарлық санитария пунктіндегі білікті маманы және өз білімімен бөлісіп студенттеріміздің білімін толықтыруда. Теориялық және практикалық білімдерін ұштастыру арқылы студенттердің біліктілігін арттыруда.