COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «Сот жүйесі ғалымдарының диалогы» атты 1-ші Халықаралық форумы өтті.

«Сот жүйесі ғалымдарының диалогы» атты 1-ші Халықаралық форумы өтті.

21.10.2021 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында Жамбыл облыстық соты және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ұйымдастыруымен «Сот жүйесі ғалымдарының диалогы» атты 1-ші Халықаралық форумы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының 25 жылдығының және ҚР Судьяларының VIII съезіндегі мақсаттарды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты – сот қызметін жетілдіруде ғалым-судьялардың ғылыми потенциалын белсенді пайдалану.

Форум жұмысына онлайн форматта Жоғарғы соттың төрағасы Ж.Асанов, Жоғарғы сот судьясы, судьялар одағының төрағасы С.Абдолла, Сот төрелігі Академиясының ректоры З.Баймолдина, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінің ғалымдары, офлайн форматта Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Е.Ахметжанов, судьялар және Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Е.Саурықов пен «Заң» факультетінің ұстаздары қатысты.

Қатысушылар құқықтың түрлі салалары бойынша материалдық және процессуалдық заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, екі жинақ таныстырылды. Оның бірі – сот жүйесінің ғалымдары туралы ақпарат болса, екіншісінде – олардың ғылыми жарияланымдары жинақталған. Аталған екі жинақ та ХТИИ баспаханасынан жарық көргенін ерекше атап өтуге болады. Өз кезегінде Жамбыл облыстық сотының төрағасы Е.Ахметжанов қолдау білдіргені үшін институт ректорына үлкен алғысын білдірді.