Қоғамдық лекция – қоғамды өзгертетін платформа біздің оқу ордамызда.
Халықаралық Тараз инновациялық институты жастар ісі жөніндегі комитеті және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе институт белсенді студенттеріне “Қоғамдық лекция” жобасы ұйымдастырылды. Бүгінгі жобаның қонағы “Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалы “Jas Otan” жастар қанатының төрағасы, Облыстық мәслихат депутаты Уалихан БОЛАТБЕК - “Өзіңді қалыптастырудағы жастар саясатының рөлі” тақырыбында лекция жүргізді. Лекция барысында жастарды белсенді болудың маңыздылығы туралы сөз қозғап, студенттердің белсенді болуға құлшыныстарын арттырды. Ауылдағы баладан - Облыстық мәслихат депутатына дейінгі жету жолы белсенді болуынан басталағанын айтты. Пікірсайыс ойындары, Жайдарман ойындары, өзін өзі басқарудың белсенді мүшесі болу арқылы өзіңді тұлға болып қалыптасуына үлкен мектеп екенін атап өтті.
Жастар басқармасының басшысы Серікбол Қайратұлы жастар саясатына белсенді болып, қоғам белсендісі болып облыс көлемінде жастарды жұмыс жасауға шақырды. Лекция барысында студенттер ойындағы сұрақтарды қойып, ойларымен бөлісті. Осындай “Қоғамдық лекция” тұрақты түрде Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттеріне арнайы институт қабырғасында өткізіліп тұрады.