Ұлттық ойындарды оқу бағдарламасына қосу
Халықаралық Тараз инновациялық институтының Студенттер үйінің "Ақпараттық кітапхана орталығында", "Дене шынықтыру және спорт кафедрасының" ұйымдастыруымен "Ұлттық ойындарды оқу бағдарламасына қосу" тақырыбында студенттер арасында шағын форматта дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Ондағы негізгі мақсат ел ертеңі үшін жастарға ұлттық тәрбие, қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау, студенттерге патриоттық тәрбие беру болып табылады.