COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «Жастардың парасаттылық мәдениетін ілгерілету – заман талабы» атты тақырыпта «Саналы TALKS» интелектуалды кеші өткізілді.

«Жастардың парасаттылық мәдениетін ілгерілету – заман талабы» атты тақырыпта «Саналы TALKS» интелектуалды кеші өткізілді.

Бүгін Тараз қаласының «Достық үйінде» Жамбыл облыстық жастар басқармасының ұйымдастыруымен «Жастардың парасаттылық мәдениетін ілгерілету – заман талабы» атты тақырыпта «Саналы TALKS» интелектуалды кеші өткізілді.
Аталған шараға Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жаратылыстану» факультетінің деканы, PhD докторы Нұрғабылов Мұрат Нуридинұлы «Парасаттылық – адам бойындағы кісілік қасиет» тақырыбында спикер болды.
«Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Баян Үрістенбекқызы «Парасаттылық негізі - тәрбиеде» тақырыбында баяндама жасады.
Ал әлемге әйгілі ойшыл, философ Әл – Фараби: «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» деген екен. Аталған кездесудің жастарға берері көп болмақ.