COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «Jambyl» теле-радио арнасының 30 жылдығы мен Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы

«Jambyl» теле-радио арнасының 30 жылдығы мен Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы

Жамбыл облыстық «Jambyl» теле-радио арнасының 30 жылдығы мен Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері «Ашық есік күніне» арнайы шақырылды. Жастарды жігерлендіру мақсатында ұйымдастырылған шарада «Jambyl» телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы мен орынбасары Айбол Қарашев қарсы алып, телеарна мен радионың жұмысымен, студиялармен таныстырды.
Студент жастар бүгінгі бұқаралық ақпараттық саясаттың сарбаздары -тілшілер қауымының тіршілігімен танысып, экран сыртындағы жұмыс барысына куә болды. Камера алдында бой түзеп, халыққа ұтымды ой айта білуді үйренді. Кәсіби журналисттер ақпарат деген алып мұхиттың тылсым құпиясын ашуға деген студенттердің құштарлықтарын оятты. Қажымас еңбек пен терең білімнің арқасында, телерадио саласында жақсы жетістікке жетуге болатындығын студенттерге үлгі етіп, алдағы уақытта осындай іс-шараларды қайталау жоспарға қойылды.