COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ


Ұлтымыздың көшбасшысы – Елбасы әрдайым ұлт пен мемлекетіміздің келешегі үшін ұзақ мерзімді қамтитын салиқалы шешімдерді дер кезінде қабылдайтындығы анық. Талай биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып: «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ», - деген болатын. Кеше өткен NurOtan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында әлемдегі пандемиядан болған жаһандық дағдарыс жағдайында қалыптасқан геоэкономикалық және геосаяси жағдайда Н.Назарбаев: «NurOtan партиясы - Қазақстан президентінің басты тірегі болуға тиіс», - деп, партияның төрағасы өкілеттігін Қ.Тоқаевқа беретіндігі жөнінде шешім қабылдағанын жария етті. Бұл тарихи шешім - елімізді басқаруда бірізділікті, сабақтастықты тұрақты түрде іске асыруға үлкен мүмкіндік беретін фактор.
Саяси кеңесте Елбасы еліміздің келешегі жастарға арнаған үндеуінде барша қазақстандықтар үшін терең мәні бар жеті қағидатты негіздеді. Бұл құжат кезіндегі Тәуке ханның 7 жарғысы секілді халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде, рухани дүниесінде және өмірлік танымындағы басты ұстаным болу керек. Ғалымдардың пайымдауынша, 30 жыл – бұл бір ұрпақтың ауысу мерзімі. Елбасы тұжырымдаған 7 қағидаттың мәні мен мағынасы бүгінгі жаһандану дәуірінде аса ерекше. Әсіресе, ЖОО-да өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында еңбек етіп жүрген аға буын өкілі ретінде, мен бірінші қағидатқа тоқталып өткім келеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аралығында елімізде жаңа ұрпақ дүниеге келіп, қазіргі таңда өсіп, өмірде, қоғамда өз орындарын табуда. Отыз жылда 10 млн.-ға жуық жаңа тұрпатты қазақстандық өмірге келіпті. Олардың дүниетанымы, көзқарастары мен белсенділіктері бөлек. Бірақ, олар үшін тамыры терең тарихымызға, дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға, дініміз бен ұлттық мәдениетімізге деген құрмет пен жауапкершілік қандай болу керек деген мәселелер - аға буын алдындағы үлкен парыз. Қай кезеңде болмасын, әсіресе ата-бабаларымыз армандаған Тәуелсіз мемлекет, дербес ұлт жағдайында бұл аса қадірлі құндылықтың орны ерекше. Осыған орай, Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатында: «Тәуелсіздік барша қазақстандық үшін ең қастерлі құндылық, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбіріміз үшін міндет», - деп көрсетуі терең философиялық ой десек қателеспейміз.
Сондықтан, бүгінгі және болашақ ұрпақ бойында осы қасиеттерді қалыптастыруда білім беру ұйымдарының барлық деңгейінде жүйелі, әрі тұрақты жұмыс жасау – ортақ парызымыз.

АСҚАР АБДУАЛЫ,
Халықаралық Тараз инновациялық институтының бірінші проректоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор