COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ITII CUP - III турнирі

ITII CUP - III турнирі

Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тұғыры биік Тәуелсіздік!” атты ITII CUP - III студенттер арасында дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
 ITII CUP III турнирына тоқсаннан астам фракция тіркеліп оның ішінен қырық фракция Республикалық сайысқа жолдама алды. Турнирге еліміздің жеті аймағынан пікірсайысшылары келді.
Турнир екі форматта Америкалық парламенттік формат (АПФ) және Линкольн-Дуглас (ЛД) форматында өткізілді. Өткізілген ойындар өте жоғары дәрежеде өтті.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз фракцияларға, үздік спикерлерге, үздік төрешілерге қомақты сыйақылар табысталды.
Турнирдың жүлде қоры 500мың теңге.
Үздік төреші номинациясын Адамбаева Айназ иеленді (25мың теңге).
Үздік спикер номинациясын жеңіп алған Абдукаримова Арайлым (Алматы қаласы Нархоз университеті) 25 мың теңге және үздік спикер кубогы.
Жүлделі үшінші орынды иеленген Түркістан қаласы ХҚТУ университетінен келген пікірсайысшылар: Сапарқұл Жансая және Атабек Арслан (100мың теңге).
Екінші орынды иеленген пікірсайысшылар Алматы қаласы, Сатпаев университетінің студенттеріСабырәлі Мирас және Абылғазы Нұртолды. (Жүлде қоры 150мың теңге).
АПФ форматының жеңімпаз пікірсайысшылары:
Мырзатай Жансерік, Алматы қаласы, Тұран университеті, және Ерғали, Алматы қаласы, ҚазҰУ. Жеңімпаздар Турнирдің кубогі және 200мың теңге қаржылай марапатталды.