COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / "Тұңғыш Президент күні" атты ашық тәрбие сағаты

"Тұңғыш Президент күні" атты ашық тәрбие сағаты

3.12.2021 күні Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Педагогика факультетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының аға оқытушысы М.Сарсенбаева 1-курс студенттерімен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай "Тұңғыш Президент күні" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Елбасының өміріне шолу жасап, елі үшін атқарған ерен еңбектерін тілге тиек етті. Студент жастарымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған жыр жолдарымен бөлісіп, өз өнерлерін тарту етті.
"Педагогика" факультетінің деканы мен кафедра меңгерушісі өздерінің тұңғыш президентіміз жайлы тың деректерімен бөлісіп, болашақ ұстаздарға өз кеңестерін берді. Жалпы бұл тәрбие сағатының мақсаты - тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың елі үшін еткен еңбегін, атқарған жұмыстарын, жас мамандарға түсіндіру, мерейі үстем, тәуелсіз ел болғанымызды түсіндіру.