МЕКТЕПТЕ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
2021 жылдың 11-ші желтоқсан күні Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушылары Шилибаев Нурболат, Уанасов Жамбылбек, Жазықбаев Даулетжан және кафедра меңгерушісі м.а. Шилібаев Бекболат Аманжолұлының қатысуымен ашық дуалды оқыту сабағы өткізілді. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Абашев Қапилулла Жүрсінәліұлымен және әр түрлі сынып оқушыларымен «Қазақ шаңырағы» инновациялық - логикалық, танымдық ойыны» тақырыбында жастарымызды ұлттық тәрбиеге, қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттауға және оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында сабақ өте жоғары деңгейде шағын дөңгелек үстел аясында ұйымдастырылды. Ұстаздар және оқушылар өз ойларын ортаға салып сабақты қызықтыра түсті. Мектепке басшылығына және ұйымдастырушы мұғалім марапатталды.