«Өмір сыйла» атты қан тапсыру акциясы
13.12.2021ж. күні Халықаралық Тараз инновациялық институты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан "Тұғыры биік тәуелсіз ел - Қазақстан" атты апталық аясында «Өмір сыйла» атты қан тапсыру акциясын ұйымдастырды. Жамбыл облыстық қан орталығының мамандары 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін акцияға қатысушыларды қабылдады. ХТИИ профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер аталмыш акцияға белсенді түрде қатысты.
Бүгінгі таңда әлемде қан донорлығы проблемасының өзекті шешімі тегін қан тапсыру болып табылады. Тегін донорлықтың артықшылықтары:
- Қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі, өйткені донорлар сыйақы үшін емес, өз денсаулығының жай-күйі туралы шынайы ақпарат бергісі келеді.
- Тұрақты донорлар үнемі медициналық тексерулерден өтеді және олардың қаны барлық мұқтаж адамдарға көмектесетініне сенімді.
- Ерікті және өтеусіз донорлықты көптеген діни конфессиялар мақұлдайды.
- Тегін қан тапсыру адамдарға өздерінің адами қасиеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Тегін донор болу – бұл құрмет пен ризашылық. Қайырымды жанқиярлық сезімі бар, кез келген уақытта басқа адамның өмірін тегін құтқаруға дайын адам донор бола алады.