Жаңа технологиялар арқылы студенттердің жобалау іс-әрекетін дамыту
6В061 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытының білім беру бағдарламаларының студенттері «Компьютерлік моделдеу» пәнінен «Компьютерлік графика және дизайн» зертханасында компьютермен басқарылатын лазерлік құрылғыда өз проектілерін идеядан нақты өнім жасауға дейін орындады.
Студенттер жобаның бірінші кезеңінде Corel Draw программасы арқылы өнім макетін жобалап, екінші кезеңінде материал таңдап және виртуалды макет арқылы лазермен өнімді кесу жұмыстарын жасады. Лазер құрылғысы –жоғарытехнологиялық құрылғы, мұнда компьютер, лазерлік технология, оптика және автоматтандырылған бақылау біріктірілген.
Студенттер ҚР Тәуелсіздігіне - 30 жыл мерекесіне орай сувенирлік өнімдер дайындады.