COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Үлгі тұтар тұлға

Үлгі тұтар тұлға

Биыл- ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Осындай маңызды күндер қарсаңында 2021 жылдың 13 желтоқсан күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының “Биология және ауылшаруашылық мамандықтар” кафедрасының аға оқытушысы, тәжірбиелі ұстаз, топ кураторы Кожамжарова Балым Сейдахметовна Био 21-1 тобының студенттерімен  “Үлгі тұтар тұлға” тақырыбында, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген жастардан үлгі алу мақсатында, Биология мамандығының  2014 жылғы түлегі аудандық маслихат депутаты, “Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры, жаңғырған заманның жаңашыл тұлғасы Мейіржан Телеушовпен ашық диалог форматында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында өте көп сұрақтар қойылып, Мейіржан Бегасылұлының институтымызды бітіргеніне 7 жыл ғана болса да, еңбекқорлығымен жасап жатқан игі істері студенттерге үлгі болып, болашақтарына азық болардай мағлұматтар алды. Ашық сұхбат соңында жас түлегіміз осы жыл аралығындағы оқу орнының қарыштап дамығанына, институт ректоры Ерболат Байұзақұлының студенттердің білім алуына барлық мүмкіндікті жасап отырғанына ризашылығын білдіріп, жастарға толағай табыстар тіледі.