COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Белсенділер белсенді демалыста!

Белсенділер белсенді демалыста!

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағытын жастар арасында насихаттау мақсатында Халықаралық Тараз инновациялық институтының белсенді студенттері институт ректоры Е.Саурықовтың демеушілігімен киелі Түркістан қаласында демалыста болды. Институтмыздың ең белсенді деген 50 студенті киелі Түркістан қаласына, жаңадан қолданысқа берілген «Керуен Сарайға» саяхат жасады. Арыстан баб кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне барып, олардың тарихымен терең танысты.

- Мен институт ректоры Ерболат Саурықов мырзаға алғыс білдіргім келеді. Себебі осында оқып жатқаныма биыл 4 жыл, әрдайым әр қалаға бізді осылай саяхаттауға, таным көк-жиегімізді артыруға жіберіп тұрады. Алдыңғы жылдары астанамыз Нұр-Сұлтанға, әсем Алматыға, Мерейлі Меркеге барғанбыз. Бұл жолы барлығымыз қызыға қарайтын Түркістан қаласына бару бұйырды. Себебі «Керуен-Сарай» қалашығын көп студенттеріміз әлі көрмеген еді. Бұндай белсенді студенттерге мүмкіндікті көп оқу орындары бере бермейді. Белсенді студенттерді әрдайым қолдайтын ректорымызға және «Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөліміне алғыс білдіргім келеді.

4 курс студенті
Тоқшайұлы Жанғали