COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Тұрақты болашақ үшін бірге жұмыс жасаймыз!

Тұрақты болашақ үшін бірге жұмыс жасаймыз!

«Тұрақты болашақ үшін бірге жұмыс жасаймыз!» атты институт түлектерімен кездесудің кезекті қонағы болған облыстық «77 TV» телеарнасының Бас редакторы Созақбаева Перизат Қуатқызы.

Созақбаева Перизат 2014-2018 жылдары оқу ордамызда «Филология» мамандығы бойынша білім алған. Студент кезінде республикалық, облыстық және қалалық қоғамдық-мәдени және қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысқан белсенді студенттер қатарында болды. 2015 жылы институтымызда өткен сұлулық байқауының жеңімпазы болған ару қызымыз.

«Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» секторының жетекшісі Назгүл Әбітаева алдымен институт түлегін Студенттер үйінің материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Кездесу барысында студенттер қонағымызға түрлі сауалдарын қойып, студенттік кезеңдегі қызықты сәттері мен ең ауыр кезеңдері туралы айтып беруін өтінді.

Өз кезегінде түлегіміз институттың бүгінгі таңда барлық саладағы дамығанына таңданысын білдірді. Жиында институт түлегі студенттік күндерінің ұмытылмастай ерекше болғанын, әрбір өткен қызықты шақ мәңгі есте сақталатындығын жеткізді. «Мен бұл өзім бітірген киелі ордамнан өмірлік ұстаным, мол тәлім-тәрбие, шексіз білім алдым. Мен үшін бұл институт әрдайым ыстық. Институт түлегі ретінде студенттермен кездесуге арнайы кездесуге шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамын», — деді Перизат Созақбаева.