COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды

Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды

Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды. «Жыл үздігі – 2021» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

- Біз әрдайым Олимпиада ойындарының жүлдегері Жақсылық Үшкемпіров, Ақжүрек Таңатаров, Ермахан Ыбраймов, Болат Жұмаділов, Бақтияр Артаев, Елдос Сметов, Ислам Байрамуковтар мен параолимпиада ойындарының жүлдегерлері Зульфия Габидуллина, Нұрдәулет Жұмағали секілді спортшыларымызбен және «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен кәсіпқой бокс аренасында табысты өнер көрсетіп жүрген Феруза Шариповалармен мақтанамыз.Осындай жүректі және білікті жастарымыздың саны арта берсін,- деген Бердібек Сапарбаев жергілкті биліктің басты мақсаты – спортпен айналысушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасау екенін атап өтті.

Бұдан соң «Жыл үздігі – 2021»номинациялары табысталды.

Олимпиадалық емес спорт түрі бойынша «Үздік спортшы – 2021» номинациясымен Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті Дінмұхамед Баймұратов марапатталды.