COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Үздіктер шеруі – 2021!

Үздіктер шеруі – 2021!

27.12.2021 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында «Үздіктер шеруі - 2021» үздік студенттерді марапаттау салтанаты өтті. Жиынға универсиада ойындарының жеңімпаздары, әлем чемпиондары, Халықаралық, республикалық чемпионаттар мен турнирлердің жеңімпаздары, пәндік олимпиада жүлдегерлері, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен белсенді студенттер қатысты. Білім, ғылым, өнер, спорт бағытында институттың ең үздік студенттері институт ректоры Ерболат Саурықовтың, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының, Тараз ресурстық орталығының, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, жамбыл филиалының құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар 100-ге жуық студентке институт ректорының 25 мың теңге көлемінде қаржылай сертификаттары мен арнайы бағалы сыйлықтары табысталды. Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты.