COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ТМД үздік студенттері марапатталды...

ТМД үздік студенттері марапатталды...

Елордамыз Нұр-сұлтан қаласында "Genius" халықаралық спорт, білім және ғылым орталығының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» атты халықаралық конференция өтті.

Конференция барысында ТМД бойынша «Үздік студент» және «Үздік жас ғалым» жобасының марапаттау рәсімі болды. Марапаттау рәсімінде «Жас қыран» атты ТМД бойынша үздік студенттер мен үздік жас ғалымдар енген кітаптың таныстырылымы және «Үздік студент» және «Үздік жас ғалым» төсбелгісі мен Алғыс хат табысталды.

Институтымыздың белсенді студенттерінің бірі, Заң факультетінің 4 курс студенті Бейсембек Гүлназ осы жобаға қатысып, үздік студенттердің қатырынан табыла білді. Гүлназ ТМД елдері арасындағы “Үздік студент” байқауында жүлделі III орынға ие болып, “Үздік студент” төсбелгісімен марапатталды.

Бейсембек Гүлназды шын жүректен марапатымен құттықтаймыз.