COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «Корей тілі және корей халқының мәдениеті» атты қысқы онлайн лагерінің жабылу салтанаты

«Корей тілі және корей халқының мәдениеті» атты қысқы онлайн лагерінің жабылу салтанаты

2022 жылдың 28 қаңтарында Халықаралық Тараз инновациялық институты "Халықаралық байланыс және маркетинг" бөлімі мен PAS ұйымы және Корей мемлекетінің ұйымдастыруымен, ХТИИ студентеріне 27.12.2021-28.01.2022 аралығында өткен «Корей тілі және корей халқының мәдениеті» атты қысқы онлайн лагерінің жабылу салтанаты өткізілді. Жабылу салтанаты 2 кезеңнен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта өтті.
Жабылу салтанатының 1 кезеңінде Халықарлық байланыс және маркетинг бөлімінің басшысы Сабина Орынбековна және PAS ұйымының президенті Ким Ил Вон мырза сөз сөйлеп, екі мемлекеттің әнұраны шырқалды. Бұл қысқы онлайн лагердің ұйымдастырушылары Қазақстанда қаңтар айында орын алған оқиға қарамастан, өз нәтижиесін бергенін атап көрсетті.
Жабылу салтанатының 2 кезеңінде «Корей тілі және корей халқының мәдениеті» атты қысқы онлайн лагеріне белсенді қатысқан студенттер өз пікірлерін білдіріп, жақсы нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды.
Жабылу салтанаты соңында жиынға қатысушылар естелік суретке түсіп, алдағы уақытта әлемде алып жатқан пандемия жағдайы жақсарған жағдайда, ұйымдастырушылар Қазақстанға келіп, «Корей тілі және корей халқының мәдениеті» тақырыбында сабақтарды офлайн өткізуге мүмкіндік туатындығына үміттерін білдірді.