COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ТАҒЫЛЫМДЫ ОРТАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

ТАҒЫЛЫМДЫ ОРТАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері 1 ақпан мен 8 ақпан аралығында «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығына Оқу танысу практикасына жолданды.

Ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Кембаева студенттерді орталықтың құрылу тарихымен, негізгі жұмыс бағытымен, орталықтың мақсат-міндеттерімен таныстырып, Халық жазушысының мұрағаттық дүниелерінің негізінде жарыққа шыққан «Қазақтың Шерағасы» жинағының 11 кітабының мазмұнымен қысқаша таныстырып өтті.

Сонымен қатар, жазушының өңделмеген мұрағат материалдарын студенттерге көрсетіп, оларды өңдеу жұмыстарына қатыстырды.
Осыдан соң студенттер жазушының фотогалереясымен танысып, орталық директорының естелік әңгімелерін тыңдады.

Орталықтың негізгі жұмыс бағыттары: жазушы шығармашылығын насихаттау, мұрағаттық дүниелермен жұмыс жүргізу, студенттер және магистранттармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша тұщымды әңгімелер айтылып, студенттер өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойды.

Ғылыми-зерттеу орталығымен тығыз қарым-қатынас жасап жүрген студенттер Балтабай Бифариза мен Мұратов Данабек Шерхан Мұртаза шығармашылығы негізінде зерттеп жүрген тақырыптары бойынша қысқаша тоқталып, студенттік конференцияға қатысып жатқандығын жеткізді.

Орталық директоры А.Кембаева студенттерге арнайы тапсырмалар беріп, қызықты деректерімен бөлісті.
Бұл практиканың студенттер үшін ғылыми-танымдық маңызы зор болатынына сеніміміз мол.

ХТИИ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы М.Сәрсенбаева