COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН БІРЛЕСКЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН БІРЛЕСКЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

Халықаралық Тараз инновациялық институты және Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің «№22 Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ басшылықтары ақпан айының 1 күні «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығында білім мен ғылым саласында ортақ мақсаттарға ие бола отырып, өзара сенім мен ынтымақтастық орнату қағидаттары туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл Меморандумды орындау мақсатында Тараптар өзара ынтымақтастықтың келесі аясын анықтайды: Ғылыми-зерттеу әрекеттерін насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу; Жастар ұйымдастыратын ғылыми-практикалық конфенецияларға қатысу, Ғылыми-зерттеу сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды дайындап, оларды өткізу; педагогтер, ізденушілер, оқушыларға ғылыми түрде кеңес беруді ұйымдастыру; өзге де іс-шараларға белсенді түрде қатысу арқылы білім мен тәжірибе алмасу.

ХТИИ-дің бірінші проректоры А.Абдуалы мен мектеп директоры Р.Сайлаубаев Меморандумға қол қойып, алдағы жасалатын жоспарлар мен атқарылатын жұмыстарға байланысты екі оқу ордасы бір-біріне сәттілік тіледі.

«Шерхантану және Рухани жаңғыру»
ҒЗО директоры Айнұр Кембаева