COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «ТҰЛҒАЛАР АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

«ТҰЛҒАЛАР АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығының қарсаңында «ТҰЛҒАЛАР АЛАҢЫ» жобасын жүзеге асыруды бастады.
Жобаның негізгі мақсаты – Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерінің дәрісін өскелең ұрпақ назарына ұсына отырып, дәрістер топтамасын жинақтап, ғылыми-зерттеу орталығының қорында сақтау.
Алғашқы дәріс тақырыбы: «Қазіргі әдеби процесс: тұлғатану және шерхантаным».
Дәріс оффлайн форматта (ХТИИ бас оқу ғимараты, мәжіліс залы), онлайн форматта (ZOOM платформасы - конференция идентификаторы: 484 506 0580; Код доступа: 123456)
«Тұлғалар алаңының» алғашқы қонағы - Елен Әлімжан. Ол - еліміздің руханиятын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан жазушы, драматург, публицист. Тұңғыш «Ән сыры» атты әңгімесі «Таңғы шық» (1964) атты жинағында жарық көрген. «Оралу», «Көріпкел», «Ақ періште – арманым» әңгімелер мен хикаяттар, «Тақталас», «Толық адам туралы», «Бауыржанның пырағы», «Адамгершіліктің ақ жолы» атты пьесалар мен публицистикалар жинағының, «Анажар» романының авторы. «Тақталас», «Бір қазаққа бір қатын» комедиялары орыс тіліне аударылып, Жамбыл облыстық орыс драма театрында, «Жанұран» комедиясы Қырғыз телерадиокорпорациясының «Учур» театрында қойылды. «Айт күні» әңгімесі түрік халықтары әдебиеті антологиясының қазақ әдебиеті томына енген. «Бауыржан Момышұлы» атты драмасы республикалық драмалық шығармалар конкурсында бірінші орын алса, «Әйелдер бір істі бастады…» атты комедиясы Мәдениет министрлігі жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының комедия номинациясы бойынша екінші жүлдегері.


«Шерхантану және Рухани жаңғыру»
ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айнұр Тұрарқызы Кембаева