ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ АЙТЫЛДЫ
ХТИИ «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығының аясында «ТҰЛҒАЛАР АЛАҢЫ» жобасының алғашқы қонағы Елен Әлімжанның «Қазіргі әдеби процесс: тұлғатану және шерхантаным» тақырыбындағы лекциясын онлайн және оффлайн форматта студенттер мен әдебиетсүйер қауымның назарына ұсынды.
Лекцияның барысында жазушы әдебиет тарихы, әдебиет теориясы мен әдебиет сыны туралы зерттеулер, ғылыми-танымдық мәліметтер, тұжырымды пікір һәм парасатты пайымдарымен бөлісті. Зерделі жазушының, әсіресе, ұлт ұстыны, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы туралы, Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның шығармашылық шеберханасы жөніндегі, ұлы ғалым, зерттеуші, абайтану мен бауыржантануға сүбелі үлесін қосқан Мекемтас Мырзахметұлы жайында айтқан ғибратты толғамдары студенттер үшін үлкен әсер қалдырды.
Лекция соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жазушы-драматургтың мазмұнды жауаптарын тыңдап, өміршең мұрасымен танысқаны үшін үлкен алғыстарын білдірді.
«Шерхантану және Рухани жаңғыру»
ғылыми-зерттеу орталығының жетекші маманы
Жадыра Байсақалова