COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Тіл - достықтың тірегі

Тіл - достықтың тірегі

21 ақпан халықаралық "Ана тілі күніне" орай Халықаралық Тараз инновациялық институты "Педагогика"  факультеті, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы және Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы бірлесе отырып "Тіл - достықтың тірегі" атты студенттер арасында интеллектуалдық сайыс өткізді.  Сайысқа әр кафедраға қарасты топтар 6 ұлт өкілдерін таныстырды.  Бірнеше кезеңнен  құралған сайыста әр ұлт өкілдері өз ана тілін,  салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жан-жақты көрсетті. Әділ қазылар шешімі бойынша 1 орынды қырғыз ұлты "Илбирис" тобы,  2 орынды ағылшын ұлты "Diamond " тобы,  3 орынды қазақ ұлты "Сәукеле" тобы иеленді.  Корей ұлты "Ариран"  тобы,  түрік ұлты "Альаф", орыс ұлты "Знатоки" топтары алғыс хаттармен марапатталды.  Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы тарапынан барлық топтарға қаржылай сертификаттар ұсынылды. Ұйымдастырушылар "Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі - тіл, бірі- ділің жүректегі" деп Ж.Баласағұн  бабамыз айтқандай қай ұлт болмасын өз ана тілінің  қадір-қасиетін түсініп, болашақта ұлт болып қалуына маңызы зор екенін жастарға жеткізе білді.