COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Жайдарлы Жайдарманның финалистері анықталды

Жайдарлы Жайдарманның финалистері анықталды

Халықаралық Тараз инновациялық институтында жастар ісі жөнінедегі комитетінің ұйымдастырыуымен Жайдарман ойындарынан жартылай финал ойындары өткізілді. Жартылай финалдық ойынға 5 команда қатысты. Ойын 2 сайыстан тұрды: Сәлемдесу және әуенді биатлон.

Жартылай финалдық ойында жайдарманшылар қоғамда туындап жатқан актуалды мәселелерді қозғап, әзілмен көрермендерге ой сала білді.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен финалдық ойынға 4 команда жолдама алды. Олар: «Метиорит» жайдарман командасы, «Болашақ келіндер» жайдарман командасы, «Қызы жоқ жігіттер» жайдарман командасы, «Шайқа» жайдарман командасы. Жартылай финалдық ойынның ең үздік ойыншысы болып «Метиорит» жайдарман командасының ойыншысы Ешенқұл Нұрдаулет марапатталды. Келесі финалдық ойын наурыз айында жоспарланған.

 

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Н.Карабаев