COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ғалымдардың марапаты

Ғалымдардың марапаты

Өздерінің ізденістерімен өндірістің өркендеуіне, ілгерілеуіне, қоғамның қалыптасуына зор ықпал жасап жүрген отандық ғалымдардың үлкен шоғыры Әулиета өңірінде, әсіресе Тараз жерінде аз емес. Солардың ішінде академик, техника ғылымдарының докторы Жүсіпбек Тәшірбайұлы Сүлейменов пен тарих ғылымдарының докторы Асқар Бегәділұлы Әбдуалы есімдері құрметпен атауға лайық. Бұл екі азамат  жоғары мектепте жас ұрпақты мамандыққа баулуда ұзақ жылдар жемісті қызметтер атқарған профессорлар. Басшылық қызметтегі табыстары өз алдына бөлек әңгіме. Жуырда "Ардагерлер орталығы" ғимаратында осы танымал тұлға, айтулы азаматтарға "Тараз қаласының Құрметті ардагері" атағын беру салтанаты болды. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова жиналғандарды төралқа шешімдерімен таныстырып, марапатталғандардың омырауларына "Тараз қаласының Құрметті ардагері" төсбелгісін тақты. Құрметпен Ғұмыр дария газетінің редакциясы.