COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Наурыз айының 14 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Ғылыми жоба: тақырыптың өзектілігін айқындау мен орындау талаптары» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар онлайн және оффлайн форматта өтті.

Семинарға Алматы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы және Жамбыл облысы аудандарынан барлығы 80-нен аса мұғалім қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының дербес зерттеу қабілеттерін қалыптастыру, оқу орнындағы ғылыми жұмыс сапасын арттыру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, кеңес беру.

Семинарды Халықаралық Тараз инновациялық институты ректорының «Ғылым және коммерциялизациялау жөніндегі» кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Д.Тәжібаев ашып, спикерлер мен семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спикерлер білімдер алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылық кызметі және сол қызметтің нәтижесі болып есептелетін ғылым туралы, әсіресе мектептерде ғылыми жоба жазудағы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы жаңалықтар, жетістіктер мен кемшіліктер туралы талдау жасап, өздерінің ұсыныстарын білдірді.

Ғылымның қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинақталған ақпараттардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге нұсқаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленетінін ескере келе семинар барысында 2021 жылы үздік болып, республикалық ғылыми жоба байқауларында жүлделі орын алған жұмыстар қорғалды.
Материалдық және рухани игіліктерді өндіруші, мәдениеттің шын мәніндегі жетекші формасы болып саналатын ғылыми-зерттеу жұмысын қалыптастырып, дамытуға орай ұйымдастырылған семинар нәтижелі өтті деп толық айтуға болады.

«Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы