COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Инклюзивті орталықтың тұсаукесер рәсімі өтті

Инклюзивті орталықтың тұсаукесер рәсімі өтті

Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының тұсаукесер рәсімі өтті. Негізінен орталық 2020 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Осы жылы заманауи сипат алуына байланысты тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Оған институт ректоры - Ерболат Саурыков, ректордың ғылым және коммерциялизациялау жөніндегі кеңесшісі - Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлы, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры - Николай Буюклиев, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор - Гүлшат Қамбарбекқызы және факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен оқытушылар құрамы қатысты.

Орталықтың негізгі жұмысы - ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық және оқу-әдістемелік көмек көрсетеді.

Жиын соңында институт ректоры орталық жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта басқа да оқу ғимаратында мұндай ілкімді істің ілгерілеуіне жағдай жасалатындығын айтты.