БҰЛ ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮГІ ДЕ АУЫР, МАҢЫЗЫ ДА ЗОР
Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы шын мәнісінде үлкен өзгерістерге, Жаңа Қазақстанды құруға бағытталғанын нақты көрдік.
Супер Президенттік биліктен президенттік әрі мықты парламенттік мемлекет жасауға тырысуымыз қажет деуі қоғамдағы қордаланған мәселелерді халық болып шешуді, ашық түрде жұмыс жүргізуді меңзейді.
Жалпы қоғамдық әділдік орнауы бағытында, Президенттің және облыс әкімдерінің, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері партияны басқармауы керек, партиядан толық шығуы керек деді. Сонымен қатар, Мәжілістің мәртебесін арттырып, сайлауалды науқанда берген уәделерін орындамаған депутаттарды мандатынан айыруды нақты айтып отыр. Бұл бастама қоғамға үлкен өзгерістер әкеліп, дұрыс бағытқа бастайды деп сенемін.
Жалпы Қасым-Жомарт Кемелұлы Конституцияға 30-ға жуық өзгеріс енгізу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, елімізде жаңадан Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы да инфрақұрылым жетпей жатқан кейбір елді мекендердің тіршілік тамырына қан жүгіртеді деп ойлаймын.
Алдағы уақытта Қазақстанды оң бағытқа бастайтын үлкен қадамдар мен серпіліс күтіп тұр деуге негіз бар.
Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Е.Саурықов
#Тоқаев Жолдауы #Жолдау 2022 #Жаңа Қазақстан #Qazaqstan