COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / БАТЫЛ ҚАДАМДАРДЫ ТАЛАП ЕТКЕН - САЯСИ ЖАҢҒЫРУ

БАТЫЛ ҚАДАМДАРДЫ ТАЛАП ЕТКЕН - САЯСИ ЖАҢҒЫРУ

Бүгін тарихы терең Ұлы Дала Елі Дала демократиясымен мақтана алатынына тағы да бір рет көз жеткізді. Президент еліміздің мүддесіне қарай бірнеше батыл қадамдарға барғаны да соның көрінісі.
Әлемдік тұрақсыздықтың шарықтау шегінде тұрған тұста мұндай шараларды атқармауға тағы болмайтынын жақсы түсінетін Қ.К.Тоқаев саяси өмірде Президенттің құзіреттілігін қысқарту керектігін ерекше айтып өтті. Парламент қызметін күшейте отырып, сайлау жүйесін жетілдіруді, саяси партиялардың рөлін күшейтіп, партия құрудың заңнамалық талаптарын жеңілдетуге ерекше тоқталды. Ол деген сөз, белсенді азаматтардың мемлекеттік-саяси істерге араласу мүмкіндігін жеңілдетіп, бюрократиялық тосқауылдарды жоюдың нақты қадамы деген сөз. Сондай-ақ, құқық қорғау институттарын күшейту арқылы және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерте отырып, қайта құрудың алғышарттары елдің әл-ауқатын көтеруге бағыталғанын да ерекше атап өтті.
Құрылатын әкімшілік-аумақтық құрылым – ол әрине жаңа мүмкіндіктер мен жаңа толқынды идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі, құрылғалы тұрған жаңа аймақтың саяси-әлеуметтік дамуы жағынан ғана емес, экономикалық тыныс-тіршілігіне де жаңа дем бере отырып логистикалық мүмкіндіктерді дамытуға көмектесетіні сөзсіз.
Қорыта айтқанда, жарқын болашақты жасау, әрбір азаматтың өз қолында, Жаңа Қазақстанды құруға бірге атсалысайық!

 
#Жолдау 2022 #Жаңа Қазақстан #Qazaqstan
«Экономика және бизнес» факультетінің деканы Ж. Куатбеков