COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / САЯСИ ЖАҢҒЫРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕГІ

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕГІ

2022 жылдың қаңтар дүрбелеңі мен бүгінгі таңдағы геосаяси ахуалдың аймақтық, әлемдік деңгейде барынша шиеленісуі шұғыл түрде шешуін күтпейтін көптеген өзекті мәселелердің бар екендігін көрсетті. Осы тұрғыдан келгенде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының өзектілігі мен маңызын ерекше деп санауға болады. Соңғы екі-үш жылдың аралығында қоғамда демократияландыру бағытында Президенттің төрт ұстанымы қоғамға жаңа серпілістер беріп, оң жетістіктерге жетуге мүмкіндіктер туғызды. Бұл елімізде жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, көп партиялық жүйенің нақты іс жүзіне асуына,қоғамда өзара жауапкершілік пен сенімге жетуіне,қазақстандықтардың жергілікті өзін-өзі басқару ісінен бастап, барлық деңгейдегі шешімдерді қабылдауға дайын екенін көрсетті. Бірақ қоғамды саяси трансформациялау үрдістерін барынша жүйелі түрде жүргізу қажет. Оның үстіне қоғамда демократияландырудың мәнін өз мүдделері үшін ғана түсінетін тұлғалар мен кейбір билік өкілдерінің бар екенін ашып көрсетті. Сондықтан Президент осыған дейін қолға алынған өзгерістердің жалғасы ретінде еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Жаңа реформа Президент атап көрсеткендей екі басты міндетке: қоғамды дәйекті түрде демократияландыру мен мемлекеттің орнықты әрі басқару икемділігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан мемлекетті басқару жүйелі өзінің тиімсіздігін соңғы жылдары анық көрсете бастады. Халық пен билік арасындағы қарым-қатынастар мен азаматтық қоғам құру барысында үлкен қарама-қайшылықтарды туғыза бастады. Сондықтан бүгінде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алатын азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекет болуымыз қажет.
Осындай стратегиялық мақсатқа жету үшін Президенттің өкілеттілігі, Парламенттің рөлі, Сайлау жүйесін жетілдіру, көп Партиялық жүйені дамыту, сайлау үрдісін жаңғырту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, Жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа жүйесі мен Құқық қорғау институттарын күшейтуге арналған топтамалық реформаларды заңдамалық негізде әзірлеуге жедел түрде кірісуге тапсырма берілді. Яғни жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді сабақтастығы негізінде қалануы тиіс. Сонымен қатар Жолдауда қазақстандықтарды қатты толғандырып отырған қаржылық-экономикалық қиындықтарға төтеп бере алатын резервтер мен амал-тәсілдердің барлығы, дағдарысқа қарсы Үкіметке кезек күттірмейтін кешенді шараларды тездетіп жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалары ертеңгі күнге деген сенімдеріне жаңа серпеліс беретіндігі анық. Тәуелсіздік жылдары небір қиындықтардан, сын-қатерлерден өткен халқымыз қоғамды түбегейлі жаңғыртуға, игі мақсатымыз – Жаңа Қазақстанды құруда ауызбіршілігіміз бен тұтастығымызды, ақыл мен парасаттылығымызды, ұлттық құндылықтарымызды сақтау болып отыр. Сондықтан қоғамдағы әрбір оң өзгерістерді іс жүзіне асыру әрбірімізден басталуы тиіс.

А.Абдуалы -ХТИИ бірінші проректор, тар.ғ.д., профессоры,
“Мирас” аймақтық кеңесінің төрағасы